ҚҰЮ ӨНДІРІСІНДЕГІ

Бентонит құйма бөлшектерді өндіруге арналған қалыптарды дайындаукезінде қалыптау қоспаларының құрамында байланыстырушы ретінде қолданылады. Бентонит-қара жəне түсті қорытпалардың барлық түрлерінен құймаларды өндіруге арналған əмбебап материал. Бентониттің басты артықшылығы-қосымша ылғалдандырудан кейін оның қасиеттерін қалпына келтіру мүмкіндігі. Бұл қасиет қалыптарды металмен құйғаннан жəне құймаларды қағғаннан кейін қалыптау қоспасын бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік береді, бұл үйінділерге əкетілетін қалдықтар мен оларды көмуге жұмсалатын шығындарды айтарлықтай азайтады. Құю өндірісі үшін «ТАГБЕНТ» ЖШС төмендегілерді ұсынады:Бұрғылау ерітінділеріне арналған бентонитті саз ұнтақтары, маркасы: П1Т1А,П1Т2А, П2Т1А, П2Т2А. Таган кен орнының бентониті жоғары беріктікке ие жəне ыстыққа төзімділіктің жоғары деңгейіне ие, бұл оның болат құймаларын өндіруде артықшылығы болып табылады. .«Бентакарб» саз ұнтағы — құм — саз формаларында шойыннан құймалар өндіру үшін құрамында көміртегі бар, күюге қарсы қоспалары бар бірегей кешенді қалыптау материалы. «Бентакарб» қолдану қалыптау компоненттерінің шығынын азайтуға, атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың концентрациясын азайтуға, жұмыс аймағындағы экологиялық жағдайды жақсартуға, шойын құю құнын төмендетуге мүмкіндік береді